Войти через

  • 20:23:45
  • -4°C

Воскресенье, 15 декабря$ 383.95  € 429.26  ₽ 6.16

Амандық Баталов жетісулықтарды Наурызбен құттықтады

Амандық Баталов жетісулықтарды Наурызбен құттықтады

22.03.19

Общество
Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жетісулықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі. Құттықтау zhetysu.gov.kz сайтында жарияланған.
"Құрметті Алматы облысының тұрғындары!
Сіздерді Ұлыстың Ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ғасырлар қойнауынан жаңғырып жеткен Наурыз уақыт пен ұрпақ сабақтастығының үздіксіз байланысын, дәстүр мен құндылықтардың тұтастығын паш етеді. Бұл - Күн мен түн теңеліп, дүние тіршіліктің оянар, жаңғырар шағы. Барлық игі бастамалардың түп негізі Наурыз философиясымен астасып жатыр. Өйткені Наурыз - адамзатты бір-біріне жәрдемдесуге шақыратын, жақсылық жасауға үндейтін, еңбекке баулитын, татулықты ту еткен ізгілік насихатшысы.

Құрметті жерлестер!
Ұлы Даланың тамыры терең тарихынан бастау алған осы мерейлі мерекеде әр шаңыраққа шаттық, мықты денсаулық, молшылық пен береке тілеймін. Үміттеріңіз ақталып, сенімдеріңіз бекемденіп, армандарыңыз орындалып, бақытқа кенеле беріңіздер.
Ортақ Отанымыз – Қазақстан өсіп-өркедей берсін! Ұлыс оң, ақ мол, мереке құтты болсын!", - делінген өңір басшысының құттықтауында.
Фото: Интернет.
 

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать