Әскери басылым Білім және ғылым министрлігінің арнайы тізіміне енді

TINFO
TINFO
Служба новостей

Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтының «РжБӘИИ ғылыми жұмыстары» атты ғылыми-техникалық журналы ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім мен ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған басылымдар тізіміне енді, деп хабарлайды TINFO.KZ.

Ғылыми-техникалық сараптама рәсімдерінен кейін ғылыми басылым аттестаттаудан өтіп, ҚР БжҒМ жанындағы комитеттің арнайы ғылыми басылымдар реестріне қосылды. 

«Білім, ғылым және технологияларды дәріптеу мақсатында 2010 жылы институт өзінің ғылыми-техникалық журналын ашып, ҚР ҚМ Ақпарат министрлігінде тіркелген еліміздің әскери институттарының бірі болып табылады»,- деді әскери ЖОО-ның бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков.

Осындай ғылыми дәрежені иелену ғалымдар, докторанттар мен магистранттарға ғылым мен техниканың дамутудың өзекті тақырыбында ғылыми мақалалар жариялауға мүмкіндік береді. Басылым тоқсанына бір рет шығады және түрлі бөлімдерден тұрады, оған мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланатын материалдар қабылданады. Редакторлық алқа құрамында Қазақстан мен шетелдің ғалымдары бар.

Журналда жарияланған мақалалар кез-келген адамға қолжетімді, олар әскери институттың viires.kz ресми сайтында да жарияланады.

Фото: РЭжБӘИИ баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать