Войти через

  • 14:07:27
  • 8°C

Среда, 08 апреля$ 437.2  € 475.32  ₽ 5.79

Сыбайлас жемқорлықпен күресудің жолдары қандай?

Сыбайлас жемқорлықпен күресудің жолдары қандай?

19.12.19

Мнение
TINFO
TINFO
Служба новостей

Қазіргі кезде, мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігін арттыру үшін барлық жағдай жасалған, құжатайналымы, кадр құжаттары электронды нысанға ауыстырылып, цифрландырылуда.

Бұдан басқа, мемлекеттік қызмет сапасын арттыру және жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында қайталанатын функцияларды болдырмау, басқарушылық буынды қысқарту, жекелеген бөлімшелерді орталықтандыру жүргізілді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасы А.Шпекбаевтың бастамасымен адалдық, әділдік, әдептілік, сатылмаушылық сияқты құндылықтарды үйлестіретін парасаттылық идеологиясын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте пайдалануға бет бұрдық.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықты жою жолында жемқорлық деңгейі төмен мемлекеттердің тәжірибелерін пайдалану жақсы көрсеткіштерге әкеледі. Мысалға, Оңтүстік Корея мемлекетінің «Open» бағдарламасы. Аталмыш бағдарлама, 1999 жылы іске қосылған және азаматтарға мемлекеттік шенеуніктердің өз өтініштерін қарау процесін Интернет арқылы бақылауға мүмкіндік берген. Осы бағдарламаның арқасында азаматтар кез келген уақытта өз өтініші бойынша құжаттардың қаралу барысын қадағалай алады. Әкімдіктің жұмысында ашықтықты қамтамасыз ететін "OPEN", азаматтардың өтініштерін қарауға онлайн бақылау жүйесі шенеуніктердің азаматтардың істерін қажетсіз сымдардың немесе әділетсіз қарауының алдын алуға мүмкіндік береді. Бұл жүйе азаматтарға сыбайлас жемқорлық көріністері мүмкін болған жағдайда қандай да бір іс бойынша рұқсат беру немесе санкция беру туралы мәселелердің қалай шешілуін бақылауға және қандай да бір бұзушылықтар байқалса, сынауға мүмкіндік береді.

Осылайша, әкімшілік қызметінің қамтамасыз етілген ашықтығы сыбайлас жемқорлықты жою үшін алғышарттар жасайды. Күн санап, азаматтық қоғам да анағұрлым ашық және белсендірек бола бастады.

Менің ойымша, осы бағдарламаны Қазастан Республикасында енгізу арқылы сыбайлас жемқорлықтың бір тамырын шабуға болады.

Мемлекеттік қызметшінің алдында қоғам тарапынан қойылатын бір-ақ талап бар, ол – адалдық! Қоғам алдында бірлесіп сыбайлас жемқорлықпен күресуге ат салысу талабы тұр. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, бір ел, бір қоғам болып барлығымыз бірге күресуіміз қажет.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)
Алматы облысы бойынша департаментінің бас маманы А.А. Ескендирова

Добавить комментарий

Что вы думаете?