Войти через

  • 04:49:58
  • -5°C

Воскресенье, 08 декабря$ 384.97  € 427.12  ₽ 6.04

Талдықорған драма театрының 45-ші маусымы ашылды

Талдықорған драма театрының 45-ші маусымы ашылды

05.11.19

Культура
TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облыстық Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының 45-ші маусымының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

Спектакльдің алдында БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды. 45-ші маусымда театрдың атқаратын жұмысы, жаңа қойылымдар туралы кеңінен айтылды. Сонымен бірге, А. Құнанбайұлының 175-жылдығы, Алтын орданың 750-жылдығы, Ұлы отан соғысының 75-жылдығы және алдағы уақытта жоспарланған гастрольдік сапарлар мен басқа да мерейлі шараларға арналған қойылымдар туралы мәлімденді. Қойылымның алдында жиналған көрермен экспозициялық көрмемен танысты.

Театр маусымы Мұхтар Әуезов пен Қалтай Мұхаметжановтың шығармалары негізінде сахналанған «Айман-Шолпан» комедиясымен ашылды. Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Марлен Көлбаев театр ұжымын құттықтады.

Фото: www.facebook.com/bikenrimova/.

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать