Войти через

  • 21:02:28
  • 17°C

Пятница, 24 мая$ 379.36  € 424.47  ₽ 5.88

Әнші Бейбіт Қорған Талдықорғанда қайырымдылық концерт өткізді

Әнші Бейбіт Қорған Талдықорғанда қайырымдылық концерт өткізді

26.02.19

Культура
Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист

Облыс орталығында танымал әнші Бейбіт Қорған балалар мен қала тұрғындарына қайырымдылық концертін өткізді, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі Полиция департаментіне сілтеме жасап. ҚР Ішкі істер министрлігінің «Бақытты балалық шақты қорғау» акциясы аясында ұйымдастырылған концертке Талдықорғандағы «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілері, жасөспірімдерді бейімдеу орталығының балалары, мектептегі кадеттер мен оқушылар қатысты.

«Жастар жылының» құрметіне еліміздің барлық қалаларында «Бақытты балалық шақты қорғау» атты қайырымдылық концерттерін ұйымдастыру туралы Ішкі істер министрлігі тарапынан ұсыныс түсті. Мен бас тарта алмадым, өйткені балаға қуаныш сыйлаудың өзі – бақыт. Бұл эстафетаны өнердегі өзге де әріптестерім қолдайды деп ойлаймын. Балалардың қабағын кірбің шалмасын, олар бақытты болсын!»,- деді әнші Бейбіт Қорған.

Концерт барысында Сүйінбай атындағы облыстық филармония әншілері мен кадет сыныбының тәрбиеленушілері өз өнерлерімен тәнті етті. Өз кезегінде, облыстық Полиция департаментінің басшылығы балаларға қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйланған әншіге алғысын білдіріп, бағалы сыйлығын тарту етті.

«Керемет іс-шара болды. Сүйікті әншіміздің қасында тұрып, сахнада бірге ән айтуға мүмкіндік алдық. Суретке түстік. Осындай концерттен кейін шабытымыз артқандай болды. Өскенде мен де Бейбіт ағам сияқты әнші боламын»,- деді концертке келген балалардың бірі.

Фото: Полиция департаменті.

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать