Войти через

  • 17:12:34
  • 33°C

Воскресенье, 22 сентября$ 386.7  € 427.15  ₽ 6.06

Ақши ауылында жаңа мешіт ашылды

Ақши ауылында жаңа мешіт ашылды

16.08.19

Культура
TINFO
TINFO
Служба новостей

Құрбан айт мерекесі қарсаңында Алакөл ауданының Ақши ауылында жаңа мешіт бой көтерді, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі, аудан әкімдігіне сілтеме жасап.

Мешіттің салтанатты ашылу рәсімі Алакөл ауданының бас имамы Ә.Молдахметовтың құран оқуымен бастау алды. 

Алла үйінің ашылуына аудан әкімінің орынбасары А.Абдинов құттықтау сөз сөйлеп, сәні мен мәулеті жарасқан заман талабына сай салынған имандылық үйінің құрылысына ат салысқан Болат Әбішұлы мен Қасым Қасабековке аудан әкімінің алғыс хатын табыстап, дендеріне саулық, отбасыларына амандық, ел болашағы мен халық игілігі жолындағы мақсатты істеріне сәттілік тіледі. 

Сонымен бірге, Талдықорған өңірі өкіл имамының орынбасары, орталық «Иман» мешітінің наиб имамы Керімбек Сәрсембайұлы, ҚР Ақпарат саласының үздігі, ардагер журналист Гүлзейнеп Садирқызы, «Намыс» қоғамдық қорының төрағасы Серік Сүйгенбайұлы және мешіттің бой көтеруіне ұйытқы болған «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының директоры Қасым Қасабековтер ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтаса, еңбек ардагері Сақат Құлжабай ақсақал өз батасын берді. 

Фото: Алакөл ауданының әкімдігі.

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать