Войти через

  • 23:06:33
  • -6°C

Среда, 23 января$ 378.54  € 429.79  ₽ 5.72

Талдықорған әкімінің аппаратын жаңа басшы басқарады

Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист

Бүгін Талдықорған қаласы әкімінің аппарат басшысы болып Анар Батхолдинова тағайындалды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа басшыны активке қала әкімі Дастан Шалтабаев таныстырды.

«Анар Қозыбайқызы тиісті байқаудан сүрінбей өтті. Осыған дейін де өзін жан-жақты маман ретінде көрсете білді. Алдағы қызметіңізге сәттілік тілеймін», - деді қала әкімі.

Анар Батхолдинова 1976 жылы туған. 1994 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын Талдықорған қалалық сотында сот отырысының хатшысы болып бастады.

Әр жылдары Талдықорған қалалық көлік прокурорының стажер-көмекшісі, қалалық АХАЖ бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы, кейіннен басшысы, Алматы облыстық Әділет департаментінің бас маманы қызметтерін атқарған. 2005 жылдан бастап Талдықорған қаласы әкімі аппаратында бас маман, заңгер-кеңесші; 2012 жылдан бүгінге дейін заң және мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің басшысы қызметтерін атқарған.
Фото: Талдықорған әкімінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Авторизуйтесь

     
Что вы думаете?