Войти через

  • 13:50:17
  • 31°C

Суббота, 21 сентября$ 386.7  € 427.15  ₽ 6.06

Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы тағайындалды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Қала әкімінің өкімімен Нұрбол Қалиахметов Талдықорған қаласы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды  TINFO желілік агенттігі.

Талдықорған қаласы әкімдігінің ақпаратынша, Нұрбол Айтқазыұлы еңбек жолын 2011 жылы 1 қырқүйекте «Ескелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де «Жастар тәжірибесі» бағдарламасымен қаржы мамандығы бойынша Жастар тәжірибесінен өтуге қабылданып, бастаған.

2011 жылдың 14 желтоқсанынан бастап 2012 жылдың 1 маусымына дейін «Ескелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің бас маманы, 2012 жылдың бірінші маусымынан «Ескелді ауданының ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ-нің бас маманы, 2013 жылдың 20 наурызынан бастап осы күнге дейін "Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі" ММ-нің шағын және орта бизнесті дамыту секторының меңгерушісі болып қызмет атқарған.

Фото: www.facebook.com/TLD7282/

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать