Войти через

  • 05:05:04
  • 3°C

Вторник, 23 апреля$ 377.11  € 424.21  ₽ 5.91

Самбодан Азия чемпионы Еркін ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды

Диас  Бейсенбек
Диас Бейсенбек
Главный редактор

ТАЛДЫҚОРҒАН. Қала әкімінің өкімімен Еркін ауылдық округі әкімі міндетін уақытша атқарушы болып Қайрат Матаев тағайындалды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.  Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша Қайрат Матаев самбо күресінен спорт шебері, Әлем біріншілігі бойынша самбодан қола жүлдегер, самбо бойынша Азия чемпионы болып табылады.

2001 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін экономика мамандығы бойынша, 2018 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік универсететін дене шынықтыру мамандығы бойынша тәмәмдаған Қайрат Матаев еңбек жолын алғаш 2003 жылы ҚР Алматы облысы бойынша Қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетінің кедендік бақылау инспекторы болып бастаған.

Ол 2012 жылы «Ал-Ас-Карго» ЖШС бас директорының орынбасары, 2012 жылдан осы уақытқа дейін « SBA-Trade grup» ЖШС бас директорының орынбасары, «Қайрат» ШҚ басшысы қызметтерін атқарған.

Фото: Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать