Войти через

  • 01:15:29

Суббота, 23 марта$ 378.17  € 429.11  ₽ 5.88

Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы тағайындалды

Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист

Алматы облысы әкімінің өкімімен Жомарт Мандатұлы Қаратас облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі облыстық әкімдік сайтына сілтеме жасап.  Жомарт Қаратас 1988 жылы туған. І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін, Ө. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын алғашқы әскери дайындық, заңгер, мемлекеттік жергілікті басқару мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын «Нұр Отан» ХДП Алматы облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысының орынбасары болып бастаған. Әр жылдарда «Жетісу жастары ұйымының конгресі» Жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының жастар ісі жөніндегі консультанты, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының бас әкімші лауазымдарын атқарды.

2017 жылдың қаңтар айынан - «Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры» МККК директордың орынбасары.

Фото: https://www.facebook.com/zhomart.karatas/

Добавить комментарий

Авторизуйтесь

     
Что вы думаете?