Войти через

  • 01:55:33
  • 1°C

Пятница, 06 декабря$ 385.76  € 427.89  ₽ 6.04

Ескелді ауданының әкімі басқарма басшысы атанды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысы әкімінің өкімімен Бағлан Сағындықұлы Тәнекенов облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі zhetysu.gov.kz сайтына сілтеме жасап.

Осыған дейін Бағлан Тәнекенов Ескелді ауданының әкімі болып қызмет атқарды.

Ол 1962 жылы туған. Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын ҚазССР Халық депутаттарының Талдықорған облыстық кеңесі атқару комитеті жоспарлау комиссиясы әлеуметтік инфрақұрылым бөлімінің экономисі болып бастаған. Әр жылдарда облыстық және жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарының өндірістік басқармасында бас инженер, Талдықорған облысы Кировск ауданы КСРО-ның 60 жылдығы атындағы «Еңбекші» қызылша кеңшарының экономисі, Қазақстан Компартиясы Кировск аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, «Еңбекші» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі директорының орынбасары, Алматы облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім бастығы, облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды.

Фото: Интернет.

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать