Войти через

  • 03:16:45
  • 4°C

Понедельник, 17 декабря$ 371.31  € 419.32  ₽ 5.59

Бикен Римова атындағы театрдың басшысы қызметінен кетті

Диас  Бейсенбек
Диас Бейсенбек
Главный редактор

ТАЛДЫҚОРҒАН. Драма театрда 40 жыл еңбек еткен Ғалия Темербаева басшылық лауазымын босатты, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

Бұл туралы Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрының Facebook парақшасында хабарланды. Белгілі болғандай, театр басшылығына  «Казгосцирк» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мекемесі директорының орынбасары Руслан Сенкебаев тағайындалды.

«Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының м.а. Әлия Жақыпбекова Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрына жаңа директорын ұжыммен таныстырып, құтты орнына қондырды. 40 жыл театрда актриса, көрермендер агенттігінің жетекшісі, директор орынбасары, директор қызметін атқарған Ғалия Әмірқамзақызы Темербаеваға еткен еңбегі үшін басқарма, ұжым атынан алғыс айтып, ризашылығын білдірді», делінген драма театр хабарламасында.


Руслан Сенкебаев 1978 жылы 16 қазан күні Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылында дүниеге келген. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясын «драма театры және кино актері» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Петропавл қаласында С.Мұқанов атындағы Қазақ мемлекеттік драма театрында әртіс болып бастаған.

Әр жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының әдебиет үйінің жетекшісі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының әртісі, бөлім басшысы, директор орынбасары, «Казгосцирк» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мекемесінде бөлім басшысы қызметтерін атқарды. Осыған дейін  «Казгосцирк» мекемесінде директорының орынбасары болған.

Фото: https://www.facebook.com/bikenrimova/

Добавить комментарий

Авторизуйтесь

     
Что вы думаете?