Войти через

  • 18:34:55
  • -14°C

Пятница, 22 ноября$ 385.01  € 425.78  ₽ 6.05

Асқар Құрманғалиев қала әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысы әкімі аппаратының Шаруашылық басқармасының басшысы қызметін атқарған  Асқар Құрманғалиев Талдықорған қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі әкімдікке сілтеме жасап.
Талдықорған басшысы Ғалымжан Әбдірайымов аппарат басшысын қала активінде таныстырды.

Асқар Жаңабайұлы 1977 жылы туған. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, 2004 жылы А.Яассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін аяқтаған. Еңбек жолын 2002 жылы Алматы облысы бойынша салық комитетінен бастаған. 2004-2011 жылдары Алматы облысы әкімі аппаратында бас маман, облыс әкімі орынбасарының кеңесшісі, көмекшісі және облыс әкімінің бас инспекторы болған. 2011-2012 жылдары ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті директорының орынбасары, 2012-2014 жылдары Алматы облыстық мәслихаты аппаратының басшысы, 2014-2019 жылдары Алматы облысы әкімі аппаратының Шаруашылық басқармасының басшысы болған.

Фото: www.facebook.com/TLD7282/.

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать