Войти через

  • 13:44:41
  • 31°C

Суббота, 21 сентября$ 386.7  € 427.15  ₽ 6.06

Ермек Қожахметов Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

TINFO
TINFO
Служба новостей
Қала әкімінің орынбасары болып Ермек Қожахметов тағайындалды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі. 
Қапшағай қаласы әкімдігінің хабарлауынша, Ермек Қожахметов осыған дейін қала әкімі аппаратының басшысы болған. 
Ол 1979 жылы Алматы облысы, Балқаш ауданы, Карой ауылында дүниеге келген. 1996 жылы Алматы облыстық №4 мектеп интернатын бітіріп, 2001 жылы Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің бухгалтер- экономикаст мамандығын тәмамдады.
2002 жылдың ақпан айынан бастап 2007 жылдың маусым айына дейін Алматы қаласының Жетісу ауданы салық комитетінде аудиторлық бөлімнің инспекторы, бас инспекторы қызметтерін атқарды. 2007 жылдың маусымынан 2008 жылдың қараша айына дейін «Қапшағай қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары. 2008 жылдың қараша айынан 2017 жылдың маусымына дейін - «Қапшағай қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
2017 жылдың 29 маусымынан бастап Қапшағай қаласының әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарып келген. 

Фото: www.facebook.com/kapshagay.gov

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать