Войти через

  • 01:44:43
  • 22°C

Суббота, 20 июля$ 384.87  € 432.52  ₽ 6.11

«Қорғаста» экономикалық форум өтті

Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист
«Қорғас» шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орталығындағы (ШХЫО) ҚХР "Достық үйінде" I Еуроазиялық қаржы және экономикалық форумы өтті, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі Панфилов ауданы әкімдігіне сілтеме жасап.
Үш күнге жалғасқан халықаралық форумға Ресей, Өзбекстан, Тайван, Беларус, Украина және басқа да мемлекеттен 150-ге жуық делегаттар қатысты.
Аталған форумда тәжірибе алмасу, қаржы жүйелерін ұйымдастыру, инвесторларға осы тараптан кеңірек мүмкіндік жасау, сауда экономикалық аумағын кеңейту, туризм саласын дамыту сынды тағы басқа да бүгінгі таңдағы өзекті мәселелер талқыланды.
"Мәселен қазіргі уақытта ШХЫО-да қаржы жүйесімен жұмыс істеу мүмкін емес. Банк бөлімдері тіпті, қарапайым банкоматтар да жоқ. Бұл өз кезегінде осы орталыққа қаржы құйып отырған инвесторларға кері әсерін тигізетіні анық", - дейді "Центркредит банкі" АҚ Бақылау кеңесінің төрағасы Бақытбек Байсейітов.
Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров екі мемлекеттің достығының арқасында қазіргі уақытта осындай ірі халықаралық орталыққа назарын аударған мемлекеттер қарасы көп дейді. Тауар айналымы еселеп артып, инвесторлардың саны көбейген. Оннан астам мемлекеттің 1000-нан астам тауарлары сатылатын халықаралық орталықта барлық жағдай жасау үшін осындай ауқымды кездесулер қажет екенін атап өтті.
"Қытай мемлекетінің Қорғас сауда экономикалық аумағының басшысы Сюй Синьмин шекаралық аумақтағы екі елдің сауда орталығына келушілердің саны қарқынды өсуде,-дейді форумда сөйлеген сөзінде. Бұрын мұнда тек сауда саласының адамдары келсе, енді арнайы туристерде келетін болды. Бұл екі тараптың экономикалық дамуына зор ықпалын тигізеді. "Бір белдеу, бір жол" бағдарламасы аясында асырылып жатқан жоба мемлекеттер достығын нығайтып, екі ел арасындағы тауар айналымын арттыруда,- деді.

Панфилов ауданы бүгінде ауқымды дамуда. Оған себеп мемлекеттің ірі жобалары біздің аумақта жүзеге асырылуында, дейді "Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА орталығы бас директорының орынбасары Асқар Ешенханов. 
"Он жыл бұрын ештеңе жоқ ауданда темір жолдар салынып, қалашық бой көтерді. Ұлы Жібек жолы жаңғырып, тамырына қан жүгірген ауданның болашағы кеңейді. 1000 астам жұмыс орындары ашылды. Қазіргі уақытта ауданда әуежай салу жұмыстары қолға алынып жатыр. Салынған инвестиция көлемі 450-500 млрд теңгеге жеткен. Бұның барлығы инвесторлармен дұрыс жұмыс істеудегі жеміс", - деп сөзін қортындылады ол.

Бұдан соң әр саланың өкілдері өздерінің жетістіктерін таныстыра келе, жеке-жеке дөңгелек үстелде кездесіп, бірлесе жұмыс жасауға өзара меморандумға қол қойылды. 
Фото Панфилов ауданы әкімінің баспасөз қызметінікі.

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать