Войти через

  • 17:27:30

Суббота, 23 марта$ 378.17  € 429.11  ₽ 5.88

Ауыл шаруашылығы министрі астық нарығындағы жағдайды түсіндіріп берді

Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист

Қазақстандағы астық нарығындағы жағдай мен нан бағасы туралы ҚР Үкіметінің орталығында өткен баспасөз конференциясында ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтып берді, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Омаровтың айтуынша, өткен жылдың соңынан бастап биылғы жылдың басына дейін өңірде астық бағасының оң өсімі байқалды, сонымен қатар, сұраныс та артты. 3 класты бидайдың бір тоннасының бағасы 75 мың теңгеге дейін жетті. Бұл бізде, Орта Азияда және жалпы әлемдік нарықта бағаның өзгеруімен байланысты болды.

«Соңғы екі аптада біз ішкі және экспорттық нарықтарда астық бағасының өсуінің төмендеуін байқап отырмыз. Соның салдарынан 3 класты бидайдың бір тоннасы үшін сапасына қарай баға 65–67 мың теңгеге дейін төмендеді», — деді ол.

Бұл астық қолхаттарымен жасалатын мәмілелердің 100%-ы дерлік тіркелетін Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік тізіліміндегі сауда-саттық деректері бойынша да расталып отыр.

С. Омаров айтқандай, қазіргі уақытта республикада ресми статистикаға және әкімдіктердің жедел деректеріне сәйкес 10,5 млн тоннаға жуық астық бар, оның ішінде лицензиясы бар астық қабылдау кәсіпорындарында 3,7 млн тонна, ұн тарту кәсіпорындарда 462 мың тонна, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде 6,3 млн тонна астық сақталуда.  

Көрсетілген деректер Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік тізілімі порталындағы есептіліктермен расталады, онда онлайн режимінде астық қолхаттарын шығару құқығына ие, лицензиясы бар барлық астық қабылдау кәсіпорындарының жұмысын бақылап отыруға болады.

«Есептік мәліметтер бойынша, қолда бар астық көлемі экспорттың жоспарлы көрсеткіштерін қамтамасыз ету және елдің ішкі сұранысын қамту үшін жеткілікті. Қазіргі кезде 8,3 млн тонна бидай бар. Оның 690 мың тоннасы азық-түлік қажеттіліктеріне, 1,6 млн тоннасы тұқымдық мақсатқа, 730 мың тоннасы жемдік астыққа, 128 мың тоннасы өнеркәсіптік өңдеуге жұмсалатын болады», — деді ауыл шаруашылығы министрі.

Бұл орайда, ағымдағы маркетингтік жылдың соңына дейін экспортқа 2,2 млн тонна астық жөнелтуді жоспарланып отыр, осы сәтке дейін 6,7 млн тонна астық тиелді. Нәтижесінде, келесі жылға ауысатын қалдық ретінде 2,9 млн тонна қалады.
Фото: primeminister.kz.

Добавить комментарий

Авторизуйтесь

     
Что вы думаете?