Войти через

  • 09:35:07
  • 20°C

Суббота, 21 сентября$ 386.7  € 427.15  ₽ 6.06

Жас кәсіпкерлерге арналған білім беру жобасы басталады

Жас кәсіпкерлерге арналған білім беру жобасы басталады

01.03.19

Бизнес
Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жас кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған «Жас кәсіпкер» пилоттық білім беру жобасын іске қоспақ, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі. 

Қазақстанда 2019 жыл – «Жастар жылы» деп ресми жарияланғаны белгілі. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіп бастап, өзінің бағытын тауып, табысты болғысы келетін жастарға қолдау көрсетуді қолға алды.

«Жас кәсіпкер» – оқу жобасы ел ауқымында тиімділігін көрсеткен, танымал «Бастау» жобасы аясында іске асырылатын болады. Мұнда іш пыстыратын дәрістер және ескірген деректерге орын жоқ. Шынайы кейстер және үздік бизнес-тренерлер ұсынған шеберлік сабақтар, сондай-ақ кәсіпкерлік ортаға терең бойлау бар.

«Жастар жылында «Атамекен» жұмыссыз, тұрақты табысы жоқ 18-29 жас аралығындағы жігіттер мен қыздарға арналған «Жас кәсіпкер» жобасын іске қоспақ. Аталған жоба «Бастау» жобасына ұқсас, онда оқытудың құрамдас бөліктері қамтылып, әр стартапты танымал бизнес-тренердің жеке сүйемелдеуі қарастырылған. Осы жоба арқылы жастар іскерлік бойынша жаңа білім мен дағдыларды меңгеріп, нәтижесінде жеке кәсіп аша алады. Жобаға қатысқан жастар бизнес ашуға алғашқы капитал ретінде грант немесе жеңілдікпен қаржыландыруға мүмкіндік алады», – деп мәлімдеді «Атамекен» ҚР ҰКП Жаппай кәсіпкерлік және шағын қаржыландыру департаментінің басқарушы директоры Бауыржан Оразғалиев.

Оқу барысы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әзірлеген материалдар, тәжірибелік жаттығулар, кейстер, нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік қызметті жүргізуде белгілі бір түсініктер мен біліктіліктерді жүйелеуге арналған іскерлік ойындарды қолдану арқылы жүргізіледі.

Жоба аясында жас кәсіпкерлерге арналған білімнен бөлек «Атамекеннің» филиалдық желісі арқылы іске қосылған стартап-жобаларды ары қарай сүйемелдеу қарастырылған. 

«Жас кәсіпкер» пилоттық жобасы Алматы қаласында 4-18 наурыз аралығында басталады. 

Жобаға қатысамын деушілерді мына мекен-жай бойынша күтеміз: Жібек Жолы даңғылы. 135, 8-қабат.

Толық ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 331-01-33 (ішкі: 7550), +7 708 282 2292 (Мәди).

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать