Войти через

  • 17:08:39
  • 33°C

Воскресенье, 22 сентября$ 386.7  € 427.15  ₽ 6.06

Талдықорғанда полиэтилен ыдыс шығара бастады

Талдықорғанда полиэтилен ыдыс шығара бастады

21.08.19

Бизнес
TINFO
TINFO
Служба новостей

Облыс орталығында полиэтилен ыдыс шығаратын алғашқы өндіріс орны іске қосылды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі «Даму» қорына сілтеме жасап.

Бизнестің жаңа бағытын жүзеге асыру үшін кәсіпкер Григорий Красноусов «Даму Өндіріс III» бағдарламасы аясында полиэтилен ыдыстар өндірісіне қажет жабдықтар сатып алу үшін несие алған. Пластик ыдыстардың негізгі тұтынушысы - өсімдік майын өндірушілер. Олар майды тек пластик ыдысқа ғана құяды. Ал қоңыр пластик бөтелкелерге сыра қайнатушылар тапсырыс береді.

«Кәсіпкер болып тумайды. Кәсіпкер болып қалыптасады. Ең бастысы – алған бетіңнен қайтпау, табандылық керек. Ал мен жан-жақтылықты ұнатам. Бұл – барлық істе мүмкіндік сынап көруге деген құштарлық. Менің қазір бизнесте төрт бағытым бар және бұл тек басы ғана. «Сен ұйықтап жатқанда - бәсекелестер жұмыс істеп жатыр», «Мінсіз жасалғаннан қолдан жасалған жақсы» деген ұстанымдармен толық келісемін», - дейді кәсіпкер.

Григорий Красноусов кәсіпті 2006 жылы дәмхананы жалға алып іс бастаған еді.

Кейіннен ол ғимаратты жекеменшікке сатып алып, жанынан сыра мен алкогольсіз сусындар сататын арнайы дүкен қосты.

Фото: "Даму" қоры.

Добавить комментарий

Авторизируйтесь, чтобы комментировать