Войти через

  • 23:02:27
  • -6°C

Среда, 23 января$ 378.54  € 429.79  ₽ 5.72

9 мыңнан астам кәсіпкерге салықтық рақымшылық жасалады

9 мыңнан астам кәсіпкерге салықтық рақымшылық жасалады

10.01.19

Бизнес
Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист

Бизнес өкілдерінен 1,6 млрд теңгеден астам сомадағы өсімпұл мен айыппұл есептен шығарылады. Бұл туралы Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері Кәсіпкерлер палатасында өткен «Салық қызметкерінің сағаты» жобасының аясында атап өтті, деп хабарлайды ТINFO желілілік агенттігі. 

Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстары басқармасының бас маманы Шұғыла Қалибекованың айтуынша, салықтық рақымшылық науқаны шағын және орта бизнес өкілдері арасында жүргізіледі.

«2018 жылдың 1 қазанындағы негізгі борышты 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін өтеген кәсіпкерлерге өсімақылар мен айыппұлдарды есептен шығарылады. Бұл ретте айыппұл сомасы 2018 жылғы 1 қазанындағы жағдай бойынша, ал өсімпұл сомасы – негізгі борышты төлеу күніне дейін есептелген сомасы есептен шығарылады. Жалпы облыс бойынша 9,6 мыңнан астам кәсіпкерге салықтық рақымшылық жасау жоспарланған. Алдын ала мәліметтер бойынша, 1,5 млрд теңге көлемінде өсімпұл мен 102,8 млн теңге көлеміндегі айыппұлдар алынады», - деді Шұғыла Қалибекова.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Жолдауында шағын және орта бизнес субъектілеріне 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтық рақымшылықы енгізу туралы тапсырма берген болатын.

«Рақымшылық кәсіпкерлік қызметіне оң әсер беретіні сөзсіз. Бұл - мемлекет тарапынан көрсетілген тағы бір нәтижелі қолдау. Өз кезегінде ол жобаның дамуына, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына ықпалын тигізеді», - деді Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының сарпашысы Санат Түсіпов.

«Салық қызметкері сағатының» аясында бухгалтерлер сарапшыларға жеке кәсіпкерлікті уақытша тоқтату мен жабу, мүліктік табыс салығын төлеу, сауда саласында электронды шот-фактураларды шығару және т.б. мәселелер бойынша кеңестер алды. Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Әуелхан Әлішеров бақылау-касса машиналарын қолдану, бірыңғай жиынтық төлемін енгізу бойынша сауалдарды кеңінен түсіндіріп өтті.

Айта кетейік, әр айдың екінші сәрсенбісінде Кәсіпекерлер палатасында  мемлекеттік кірістер департаменті мамандарының қатысуымен «Салық қызметкерінің сағаты» өтеді. Онда бухгалтерлер мен кәсіпкерлерді салық мәселелері бойынша қабылдау жүргізіледі.

Добавить комментарий

Авторизуйтесь

     
Что вы думаете?