Войти через

  • 21:03:36
  • 0°C

Вторник, 17 октября$ 333.53  € 392.1  ₽ 5.82

8 Наурызбен құттықтады

Бүгін Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты жиын өтті. Жиында жиналған әйел-аналарды облыс әкімінің міндетін атқарушы Лаззат Тұрлашов құттықтады.

- Әйел-Ана – бақ-берекенің көзі, ұлттың, ұрпақтың анасы, ең ардақты жандар. Біз Ана махаббаты арқылы мейірім мен жылылықты сезінеміз. Әрбір адамзат баласының жеткен жетістігі мен биігінде Анасының қосқан үлесі зор деп білемін. Қазіргі кезде қоғамдық өмірдің кез келген саласын әйелдерсіз елестету мүмкін емес. Олар – педагог, олар – дәрігер, олар – мемлекеттік қызметші, олар – құрылысшы, олар – археолог, олар – кәсіпкер.  Әйел-Ананың қоғамдағы рөлі ерекше. Олар отбасына да, Отанға да қызмет етуде, - деді Л. Тұрлашов.

Ол өз сөзінде өңірде еңбегімен еленіп, қоғам өміріне белсене араласып жүрген әйел-аналардың есімдерін атап өтті. Олардың арасында экономиканың барлық саласында белнесе атсалысып жүрген азаматшалар көптеп саналады.

- Құрметті аналар! Ардақты арулар, қарындастар! Құс қанатымен ілесіп жеткен мереке құтты болсын! Әрбір шаңыраққа шаттық пен бақыт, отбасының аманшылығын, еліміздің өсіп-өркендей беруін тілейміз. Өмірдегі әйел жаққан шырақ сөнбесін! Мерекелеріңізбен, ардақты аналар, аяулы жандар!  - деді өз құттықтауында Л. Тұрлашов.

Мұнан әрі салтанатты жиын марапаттау рәсімімен жалғасты. Көп балалы аналарға «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқалары, сол сияқты қоғамның әр саласында белсене еңбек етіп жүрген жандарға облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты берілді.

Жиын барысында Іле аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Ғалия Нәдірбекова, «Элефтерия» гректер қоғамының мүшесі Наталья Тифанициди, Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Карина Горичева сөз алып, Елбасы саясатының арқасында әйелдердің барлық салада өз мүмкіндігін көрсетуге, өзін өзі дамытуға, қоғам өміріне батыл араласуға жасалып отырған жағдайлар үшін шынайы ризашылықтарын білдіріп, құттықтау тілектерін жеткізді.

Жиын соңы мерекелік концертпен аяқталды. 

zhetysu.gov.kz

Комментарии (0)

Авторизуйтесь

чтобы получить возможность оставлять комментарии